Индонезияда осындан 10 жыл бұрын Цунами салдарынан қайтыс болған құрбандарды еске алып, қаралы шерулер ұйымдастырылуда.
Мыңдаған адамдар Саматра аралында орналасқан мешітке келіп, қайтыс болғандарды еске алды.Еске алу шаралары Тайланд пен Шри-ланка елдерінде де ұйымдастырылады деп күтілуде.
2004 жылы 26-желтоқсан күні Цунами салдарынан 200 мыңнан астам адам қаза тапты.
Ең көп кісі шығыны Ачех провинциясында болды. Ачех провинциясы жерасты толқыныс пайда болған нүктеге ең жақын орналасқан елді мекен болатын.