ШҚО: жаңа кадрлық тағайындаулар

/uploads/thumbnail/20170708161343634_small.jpg

Кезекті кеңейтілген отырыста Даниал Ахметов аймақ бойынша жаңа кадрлық ауыс-түйістертуралы мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

         musin

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің аграрлықсекторы бойынша орынбасары болып Көкпекті ауданының бұрынғы әкімі Дүйсенғазы Мусин тағайындалды. Аталмыш салада тәжірибесі мол Д. Мусин Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1979)агроном мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Жарма ауданы Ленин атындағы колхозда агрономболып бастап, бас агроном, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, «Қалбатау асылтұқымды мал зауыты» АҚ басқарма төрағасы, президенті қызметін атқарған. 2001-2009 жылдары Жармаауданының, 2009 жылдан күні бүгінге дейін Көкпекті ауданы әкімі болып еңбек етті.

Ауыл шаруашылығы саласында атқарған жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған. «Құрмет» орденының кавалері.

1412245739_akim-kurchatov-answer

Курчатов қаласының экс-әкімі Димитрий Гариков облыс әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сұрақтары бойынша орынбасары болып тағайындалды. Д. Гариков еңбек жолын Бородулиха ауданынан бастаған. «Коммуналды шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорын басшысы, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушсі, аудан әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2011-2013 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, құрылыс, автокөлік жолдары және байланыс жұмыстарына жетекшілік еткен. Осы уақытқа дейін Курчатов қаласының әкімі қызметін атқарды.

Қатысты Мақалалар