Қан базар — қазақ атырабы.
Алмай көріңіз:
Шүршітке топырақ сатылады!
Үндіске —
Маңдай теріміз!
Сатамыз!
Хақың болмасын!
Ай-хой, азаттығым:
АҚШ-қа —
Атом бомбасын,
Орысқа —
Қазақ тілін!
Қайда әлгі ұлттық табыс?!
Не деп барам?
Бір кило Ұлттық Ұят!
Бір кило Ұлттық Намыс —
Керек маған!!!