Ақтөбе ардагерлері Елбасыға алғыс айтты

/uploads/thumbnail/20170708161347188_small.jpg

 Ақтөбелік соғыс ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі. 

Жаңа жыл қарсаңында осындай марапатқа Ақтөбе облысында тұратын 180 Ұлы Отан соғысының ардагері ие болды. Президенттің атынан жолданған сый-сияпаттарды аймақ басшысы мен 12 ауданның әкімі үйді-үйді аралап өздері табыстап жүр. Мұндай құрметке ие болғанына 87 жастағы ақсақал Федор Чемоданов қуанышты.

«Елбасымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әрдайым назардан тыс қалдырмай, құрметтеп жүретініне дән ризамын. Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым зор. Жаңа жыл қарсаңында еліміз тыныш болсын, Қазақстанымыз қарыштап дами берсін деп тілеймін»,-дейді ҰОС ардагері Федор Чемоданов. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президент атынан жолданған сыйды сондай-ақ Жалғасбай Қуатов, Владимир Финютин және Алмат Ермағамбет ақсақалдарға өзі табыстады. Қариялар өткен күндерін еске алып, қазіргі ғұмырларына шүкіршілік айтып отырғандарын жеткізді. ҰОС ардагерінің жесірі Евдокия Санжарова болса 2014 жылға еш өкпесі жоғын айтады. Себебі, Елбасының балалық шағының куәсі болған кейуана биыл Нұрсұлтан Назарбаевпен жергілікті емханада тексерістен өтіп жүргенде жүздесіп қалған еді. «Президенттің үйімен Шамалғанда көрші тұрдық. Ата-анасымен жақсы араластым. Нұрсұлтанның азамат болғаны көз алдымда. Онымен жүзбе-жүз кездессем деп армандап жүр едім. Биыл ол арманым орындалды. Өткенді еске алдық. Енді, міне тағы да оның атынан сыйлық тарту етіп жатыр. Үлкендерге ізет көрсете білетін азаматтар көп болсын!»,-деп ақ тілегін Евдокия әжей жаудырды.
Ақсұңқар АЗАТ

Все права защищены.

При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.

При использовании материалов BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».

 

Қатысты Мақалалар