Үндістанның Мадьхя-Прадеш штатының Индор қаласында өте сирек кезігетін әрі ауыр ота жасалды. 7 жасар Вивек есімді баланың 80 тісін ота арқылы жұлып тастаған. Ота жергілікті «Maharaja Yeshwantrao» ауруханасында жасалған.
Күрделі ота 4 сағатқа созылған. Дәрігер Барат Махешваридің «The Times of India» тілшісіне берген сұхбатында Вивектің осындан 5 тәулік бұрын ауруханаға түскенін айтқан. Тіс дәрігерлері Вивектің жақ иектерінде тістердің шамадан тыс мөлшерде орналасқанын байқайды. Жақ қуысындағы ісікті іріңнің көлемі 3,5-5 см. Дәрігер Анкит Хасгивала Вивектің дәрігерлердің көмегіне дер кезінде жүгінгенін айтып отыр. Егер бұл жолы келмегенде енді 4 жылдан соң, 200 тісті жұлуға тура келетін еді,»- дейді. Қазір Вивектің қанша тісі қалғандығы жарияланбай отыр.
Дәл осындай ота осы жазда Мумбай қаласында 17 жасар Ашик Гавай есімді бозбалаға жасалды. Гавайдың сонда 260 тісінің 232 данасын ота арқылы жұлып тастаған болатын.