"Аш-Шабаб" террористік ұйымының серкесі қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170708161418717_small.jpg

Сомалидің қарулы әскерлері Кения шекарасы маңында «Аш-Шабаб» террористтік ұйымының серкесін қолға түсірді.

BBC-дің мәліметінше Закария Исмайл Ахмед Херсиді әскерилер тұрғынжайын қоршау арқылы қолға түсірген.

2012 жылы АҚШ билігі Херсиді қолға түсіру үшін 3 миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындаған болатын.

Наурыз айынан бастап елдіАфрика әскерлері бақылауына алғалы «Аш-Шабаб» ұйымының әскерлері Сомалидің бірнеше қалаларынан ығыстырылған болатын.

Қатысты Мақалалар