«Әруаққа сыйынатын қазақ болайықшы!» (видео)

/uploads/thumbnail/20170708161600562_small.jpg

"Қамшы" - еркін ақпарат алаңы. Ой ортақтасып, пікір жарыстыру - оқырманның еншісінде. Хат қоржынымызға Серік Боқан есімді автордың "ӘРУАҚҚА СЫЙНУҒА ШАҚЫРЫП ЖАТҚАНДАР КІМДЕР?" атты мақаласы келіп түсті. Осы жазбаға байланысты өзгеше ой, басқаша уәж айтам деген кез келген авторға мінберіміз дайын. 

qamshy.kz

Жақында ғана Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда өткен Ислам атын жамылған үлкен жиналыс шынайы ақиқатты таныған адамдардың жүрегін шабақтап тастағандай  күйге жеткізді.  Сезінген адамға сол күні жұрттың төбесінен топырақ жауып, қара боран тынған  жоқ.  «Алаш жұрты әппақ ишанды ардақтап, ас берді» деген атпен келеңсіз үлгі таратты. Бұл жердегі ұйымдастырушы да, қарақорым жұрттың табынары да, Ишан Құрбанәлі болатын. Бұл жиынды "уоutube"-тен көреген дінтанушы ағаларымызды үрейлендіргені - Құрбанәлінің: «Әруаққа сыйынатын қазақ болайықшы!» деген сөзі еді. Шын мәнісінде, бұл сөздің салмағы мәңгі кешірілмейтін Аллаға серік қосу күнәсінә ұрынып отыр. Егер осы жолмен бір қауым жүрер болса, сол қауым Алланың ашуына жолығып, жойылып кетуі мүмкін. Ежелгі қазақ Аллаға серік қоспаған. Алтын Орда кезіндегі қазақ бір Аллаға ғана сыйнып, құлшылық қылатын. Содан да бабаларымыз қуатты мемлекет болып құрылған. Демек осы сайын даламыз бәлкім сол кісілердің дұғасы арқылы бізге қалып отырған шығар. Ал, естісең жаның  ауыратын мына толқын ненің салқыны? Ол ол ма, «Кеш емес» телесұхбатында Айнұр Әбдірасылқызы әруаққа сыйнуға болатынын ашық насихаттады. Демек бұларға қарап жан арпалысымызды ақылға жеңдіріп, ШҚО бас имамымен жылап көрісетіндей болдық. Ол  имам құлдық санамен жаңа жылды тойлағысы келген шығар... Қойшы өзі бәрі де оңдырайын деп тұрған жоқ. Мұның бәрі қазақтың көкірегіне сілтенген қамшы...  Сонымен өзекті тақырыпқа келейік!

 IMG_0469

Қарақорым халық әппақ ишанның моласына барып құлшылық етіп әруақтан жардем тілеп жатыр. Сопылықты қолдаушы елге белгілі кісілерден Досай Кенжетай, Мекемтас Мырзахмет, Мәмбет Қойкелді  ишандық туралы кезек-кезек сөз сөйлеп сопылық-тариқаттық жолды насихаттаумен болды. Құрбанәліні ақ кигізге аяқ бастырып сыйынып тұрған халықтың көптгігі ат шаптырым жерді алып жатыр.

Әппақ ишанның немересін өзіне пір деп итағат ететіндер жеткілікті. Сопылық ағымның идеологы Құрбәнәлі Ахмет сөзінің тобықтай түйіні былай болды: «Дүние рухтан тұрады. Сол үшін әруаққа сыйынатын қазақ болайықшы!» дегені - шариғатты жақсы білетін адамның біразының төбесінен су құйып жібергендей болды.

  Талайдан бері шетелден Қазақстанға сопылық-тариқаттық ағымның жетекшісі ретінде танылған сол Құрбанәліні елге әкелу үшін  шашбауын көтерушілер көп болатын. Бүкіл пайғамбарлар әкелген таухидты (Бір құдайға құлшылық қылу) жойып, аталмыш топтың мемлекетте орнығуына ықпал етіп жатқандар көп деп естігеміз. Демек бұл сол келеңсіз күрестің нәтижесі.

            Қүбанәлі ишанның «Намазхана» атты кітабы бар. Сол кітапта адам Алланың бөлшегі деп ежіктеп түрлі ширкке жол ашады. Сонда былай дейді: «Сонымен адам өз ішіндегі әруаққа мойындауы керек. Оны мойындау үшін ең алдымен әруақты тануы керек. Әруаққа мұқтаждығына, тәуелділігіне ой жіберіп көрді ме?»(273-бет намазхана) деп,  сол әруақты өлген емес, тірілерден іздейді. Сопылық жолға шынайы түскендер ғана құдайлық деңгейге шығады деп түйін жасайды. Яғни, шариғат, тариқат, мағрипат, ақиқат деп басқышқа бөле отырып, сол ақиқатқа жеткендері Аллалық құзырға ие деп көрсетеді.

IMG_0498

 Құранда: «Аса Меірімді, ерекше Рахмды Алланың атымен бастаймын! Шыныда Мен Аллаһпын. Менен өзге ешбір Құдай жоқ. Ендеше, маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды орында» деген Алланың сөзін келтіреміз.  Аллаға серік қосып отырған жоғарыдағы мәтін неден дерек береді?  Мұндай ашық серік қосудан Алла және барлық пайғамбарлар қайтарған. Бұл шынында адам аузы бармайтын исламда мүлде жоқ дүние.

Құрбанәлі тағы былай дейді: «Сұхбатымыздың түйіні ретінде прадарларымызға айтарымыз, ең бастысы, солардың бәрінен кейін, оқыған намаздарыңызды шайтанның алып кетпеуі үшін Пірлеріңізге тапсырып қоюды ұмытпаңыздар!»(286 – бет. Намазхана). Пірге тапсырмаса шайтан намазды алып кетеді деген не сөз? Алланы адамның бөлшегі деп айтқандықтан бүкіл жаратылыс Алла демекші. Адам нәпсіден тазарғанда ғана ақиқатқа жетіп құдайлық шыңға шығады демек-дүр. Пір деп айтып отырғаны сол. Шын мәнісінде мұның мәнісі тым сүркейлі.

            Аталмыш кітаптың нұр-рух деген темесінде: « Пайғамбарымыздың (с..ғ. с) Нұры болып табылатын Рухтың (Нұр-Рухтың) әрбір тамшысында құдіретті күш, көру, есту,сөйлеу, сезіну, Ойлау, іс-әрекет, сана-сезім, ақыл-ой, ниет-қалау, сияқты бейімділік қасиеттер бар. Міне осыншама  ерекшеліктер бар осы Нұр-рух Жаратқан Хақтың дәл өзі( жәллә жәллаһу)де емес, Құдіретті Құдайдан өзге де емес! Әулие құдай емес, құдайдан былай емес деген сөздердің түп төркіні осында жатыр. Пәруардігар – барлық жерде, барлық жайда, барлық орында. Оның мекені жоқ дейтініміз осында»(307 –бет Намазхана), – дейді масқара!

           IMG_0478

АстаһфирАлла мұны қалай түсінуге болады? Мына дүние пайғамбардың нұрынан жаратылған деген сопылықтың теріс түсінігі осыдан басталады. Рух-Нұр – құдай, Құл – құдай, құдай – құл  деген шайтани түсінік осыдан шығады. Мұса ә.ғ тұсында Өзін  құдаймын деп жариялаған перғауын патшаның түсындағы сенім дәл осыған меңзес келеді. Бұларға ерік берілсе құлды, яғни пірлерді сол құдай дәрежесіне көтеру екі бастан тұрған шындық. Оған құлшылық қылу ғана қалды. «Нұр-Рух жаратқан құдайдың өзіде емес, құдайдан былай емес» дегенін оқып отырып таң қалдым.

 Тіпті  нағыз шектен шығуды көргенде не айтарыңды білмей қалады екенсің. «Әкесін арбаға таңып қойып сабағанды бірінші рет көріппін» демекші өлгеннен де, тіріден де әруақ іздейді бастан аяқ осы жазбада. Аспанда-жерден де әруақ іздемеген жер қалмаған сияқты.

            Одан келіп «Әулие құдай емес, құдайдын былай емес» деп бір кетеді. Әулие кеше ғана бізбен ол сияқты күнәкар пенде емес пе еді? Оны өлгенен кейін ғана емес, тірісінде де құдай дәрежесінде көрсеткісі келеді. «Алла барлық жерде, барлық орында «мекені жоқ  дейтініміз осыдан» дейді маәтіннің аяғында. Әһли сунна жамағаттың сеніміне қарама-қайшы. Бұл түйінді одан ары тереңдеткім келмейді. Арғысын шынайы дінтанушылар тәпсірлей жатар.

            Кітап авторы одан ары қарай мынадай сұмдық дүниелерді түйіндейді: «Қазіреті Мәнсур Халлаж піріміз АНАЛ ХАҚ, деген. Тәпсірі: «Я, Жаратқан Ием! Бұл неткен ғажап! Мен өзім – Өзімнің ішінде өзімді жоғалттым. Мен тек сенің ғана Құдіретіңді көріп тұрмын! – деген мағананы білдіреді екен», - дейді. Одан тағы адам айтқысыз үрейлі дүниені айтады: Хазіреті Қожа Ахмет піріміз, ЛӘ! ЛӘ! – дедім, Алла болдым! – деп қуанышты үн қатыпты.

Мұнан шығатын қортынды, адамдарды құдайлық құзірет бар деп оның ішінен тірі кезінде-ақ, құдай бола береді. Оларды Қожа Ахмет Иссауи, пірлер әулиелер, салих адамдарға құлшылық етуге ашық үндейді. Ешқандай серігі жоқ Алланы ойыншық қылып, ажетхана мен асхананың арасында жүрген дәрменсіз пенделерді Алла қылып, ашық атап көрсетіп жатыр. Мұнан өткен сұмдық, мұнан өткен масқаралық болама?  Шын ақиқатқа  келсек исламнан басқа бір құдайға шақыратын дін бар ма? 124 мың пайғамбар Алланың жалғыз екенін айтпаса, адамдарға, өздеріңе сыйын деп келді ме?  Құранның басынан аяғына дейін түсінген адамға таухидқа (Бір Аллаға шақыру болатын) туралы жиһат қылмап па еді?

Алла елшісіне Жәбрейіл періште адам кейпінде нелерді айтып еді? Ислам деген не деген сұраққа Алла елшісі с.ғ.у сол кезде қара қасты, ақ киімді, шаршағанның ізі білінбейтін, бұрын ешкім көрмеген нұрлы жүзді адамға не деп жауап беріп еді? «Ислам деген – Бір Алладан басқа құлшылық қылуға еш қандай құдай жоқ екеніне куәлік беруің» демеп пе еді. Ал, бұлардыкі қандай жорық? Сүннет пен таухидтың басын жарып, көзін шығарған. Исламды көп құдайшылыққа үндеп жатыр. Шын мәнісіндегі ислам Алладан басқа сыйнуға лайық ешқандай құдайдың жоқ екеніне куәлік беруің емес пе? Мүн мұсылман деуге болмас.

Айша р.ә бір жолы Қабаша еліне барғанда бір шіркеуді көреді. Соның үстіне қабыр мен суреттерді көріп Алла елшісіне айтып келеді. Сонда  Пайғамбарымыз с.ғ.у «Олардың ішінде бір жақсылықта жүрген адам қайтыс болса, сол қайтқан адамның үстіне шіркеу мен мүсін салып құлшылық қылу орын қылып алады» және «Алла сені жаратып, сонан кейін серік қоспауың» деді. Сол туралы Алла елшісі: « Аллаға серік қосу, барлық жаратылған адамдардың ішіндегі ең жаман адамдар» деген. Бұлардікі сол християндарға ұқсаған тірлік.

            Пайғамбар с.ғ.у қайтыс болатынының алдында Айшадан жеткен хадисте Алла елшісі: «Яһудилер мен насранилерге Алланың лағнаты болсын. Олар пайғамбарлардің қабырын өздеріне мешіт қылатын құлшылық орыны қылып  алды»деген. Бүгінгі біздегі істеліп жатқан тірліктер, сол әу бастан хрисияндарға, өзге діндерге еліктеу. Бұл жүз қайнасада ислам ақиқатына сорпасы қосылмайды... Алла елшісі қабырлердің үстіне мешіт құрып алып, әруахқа сыйынушыларды лағынеттеп жатыр хадисте. Мұндай хадисті естіп ақылы бүтін адам өз жолынан қайтпай ма? Туралық берсін деп тілеймін.

            Жоағрыда келтірген аят пен хадисті қаперге сала отырып, шрик пен бидағатқа, сүннет пен күпірге жол ашудың соншалық ауыр күна, Алланың алдында кешірілмейтіні сол Аллаға серік қоу екенін атап айтамын. Біздің қолымыздан келері бар–жоғы ескерту, оған мойын бұрмаса амалымыз жоқ.  Сол Құрбанәлі ағамызға Алла қидаят берсін деп дұға қылымын. Қазақ бұрыннан бір Аллаға құлщылық қылған кездерде ғана еңсесі биік, етегі бүтін болғанын ұмытпайық ағайын!

Серік Боқан

(Видео, фото  - "Отырар" телеарнасының сайтынан алынды)

Қатысты Мақалалар