Ал сахабаларға келсек олар да күткен еді. Әз пайғамбар Мәдинаға кірген кезде ансар халқы "Төбемізден ай туды" деп жар салып әндете қарсы алған еді. Ал енді осыны "Мәуліт" емес деп көріңіз.Одан кейінгі Хасан Басри тәрізділер де Мәулітті жақсы көрген. Бірақ біздің христиандардың хазіреті Исаны тойлаудан аспан мен жердей айырмашылығымыз бар. Олар әуелі хазіреті Исаның туған күні деп тойлайды. Біз Мәуліт айы дейміз. Әрі олар Иса пайғамбарды "Құдай" деп тойлайды. Біз ешқашан олай айтпаймыз. Әрі олар туған күн жағынан яғни жеке адам ретінде тойлайды. Біз Соңғы пайғамбар ретінде яғни жеке басы емес пайғамбарлық тұрғысынан илаһи өлшем тұрғысынан тойлаймыз.Әрі олар Исаны емес соны саттқанды тойлайды. Әрі олар той ретінде шампан ішіп күнәмен тойлайды. Біздің той дегеніміз кәдімгі той емес. Ой. Біз осы айды, осы күнді Алланың жаратылыс мақсатының негізі екенін ойлап, тәфәккүр етеміз. Тек соны емес бүкіл пайғамбарларды, пайғамбарлықты еске аламыз. Ең бастысы Алланы зікір етеміз. Бір ай пайғамбарға салауат айтамыз. Кейбіреулер орынсыз дүинелік ән салып тойлаған болса онымен Мәуліттің қатысы жоқ. Олардың әлсіздігі. Ал бүгінде Мәулітке қарсы шығып жүргендер өзін сәләфи санағандар. Тәкпіршілір. Біздің елде әлі де кейбір сәләф уағызшылар Мәулітке қарсы шығып жүр. Шамасы олар шейхтарының фәтуасын естімеген болса керек. Қазіргі кезде Саудтың мүфтиінің өзі Мәуліт дұрыс деп бата берген. Мәулітке өмір бақи қарсы болған Ибн Бәзға олар мәуліт оқытқан. Сонда Мәулітке қарсы болғандардан тек қана біздің елдегі тәкпірші уағызшылдар мен ИШИМ ғана қалды. Ал олардың мұсылман емес екендігіне күллі дүние куә. Ендеше бүгінгі таңда күллі мұсылман әлемі Мәулітті мойындайды. Шіркін ай дейсің кейде. Осындай күнде, осындай айда Мәдинаға барғанға не жетсін. Бірақ әрине ондай бақыт екінің біріне нәсіп бола бермейді. Уәссәләм.
(Мұхитдин Исаұлының фейсбуктегі парақшасынан)