Украинаның Дергачов ауданының Цуповка ауылында кішкентай бала мысықтың кесірінен көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Ерлі-зайыптылар бала ұйықтап жатқан арбаны аулаға шығарып, біршама уақыт қараусыз қалдырған.
Осы кезде бала ұйықтап жатқан арбаға мысық шығып алып, баланың үстіне ұйықтаған. Бала ауа жетпей сол жерде тұншығып көз жұмған. Қазір құқық қорғаушылар осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.