Бали аралдарында жанартау атқылап жатыр (видео)

/uploads/thumbnail/20171128102819008_small.jpg

Бали аралдарындағы Агунг жанартауына жақын жерде тұратын тұрғындар мәжбүрлі түрде эвакуациялануы мүмкін. Себебі олардың көпшілігі өз үйлерін тастап үлгермеген. Он мыңдаған адамдар жанартау атқылануы туралы ескертпелерге қарамастан әлі де қауіпті аймақтан кетпей отыр. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар аталған аймақта аса қорқынышты қауіп жоқ деп есептесе, енді біреулер мал-жайларын тастап кете алмай отыр.

Арал әуежайы жабылып қалған. Соның салдарынан мыңдаған туристер танымал аралдан кете алмай отыр. Агунг жанартауынан 3400 биіктікке дейін күл көтеріліп, от жалыны шығып жатыр.

Стихиялық апаттар мәселесімен айналысатын ұлттық басқарма жанартаудың атқылауы  сөзсіз орын алады деген мәлімдеме жасады.

Жанартаудың бетінде балқыған сұйық лава көрініп тұр дейді ғалымдар. Алайда, оның нақты қай уақытта атқылауы мүмкін екені белгісіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар