Джеки Чанның ұлы 6 айға қамалады

/uploads/thumbnail/20170708161901321_small.jpg
 Жұма күні Бейжің қаласының соты танымал актер Джеки Чанның баласына алты айға түрмеге қамау жазасын шығарды. Желтоқсан айында прокуратура 32 жастағы Джейси Чанға есірткі пайдаланғаны үшін айып таққан болатын.

Ол сот үкімімен алты айға түрмеге қамалып, екі мың юань яғни 320 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейтіні белігілі болды.

Фан Цзумин есімімен белгілі Джейси Чан қыркүйекте Бейжіңде өзінің досы - Тайваньнің танымал актері, 23 жастағы Кэ Чжэньдунмен бірге қолға түсті. Оларды есірткіге тестілеу оң қорытынды берді.

500_600_80_WAs5NG

Полиция Джейсидің пәтерін тексеріп, ішінен 100 грамм марихуана тапқан.

2009 жылы Джеки Чан Қытайдың есірткімен күрес бойынша ұлттық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, оның міндеті - елдегі есірткіге қарсы күресті жандандыру.

Осы оқиғаға байланысты ол ұлының әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлім етті.

"ҚазАқпарат"

Қатысты Мақалалар