Ақтөбелік журналист Елбасы туралы естеліктер жинағын жарыққа шығарды

/uploads/thumbnail/20171201121312787_small.jpg

Ақтөбелік журналист Елбасы туралы естеліктер жинағының толық нұсқасын жазып шықты деп жазады 24.kz. Кітаптың алғашқы бөлімі 2013 жылы 300 данамен жарыққа шыққан еді. Балнияз Ажниязов ел аузынан 10 жыл бойы Президент туралы ақпарат жинапты. Кітап «Ұлылықпен жүздесу: Елбасы мен ақтөбеліктер» деп аталады. Онда әр жылдары Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесіп, пікірлескен жандардың естелік әңгімелері жазылған. 500 ақтөбелік өз естелігімен бөлісіп, кездесу сәттерін айтып берген. Одан бөлек, жинақ авторы осы жылдар ішінде облыстық, аудандық басылымдарды жібермей қарап, Елбасы туралы мақалаларды тізіп отырған. Биыл демеушілердің көмегімен кітапты толықтырып шығарудың сәті түсті.

Кітап авторы Балнияз Ажниязов:  Бұл кісінің ең бірінші қарапайымдылығы, сол уақытта бастап, әркімнің не ойлап тұрғанын түсінетіндігі. Бір ауыздан айтатындары, тек осындай кісі 90-шы жылдардағы күрделі уақытта қиындықтан алып шыққан, енді міне біздің жарқын болашағымызды құратын сол кісіге байланысты. Енді сол кісінің есімі мәңгі халықтың есінде қалады деп, олар осылай бөлісті ойларын,-дейді. 

Қатысты Мақалалар