Түнгі кафенің алды абыр- сабыр. Туған күннен шыққан Əділді жұбайы Əсем алып кете алмай əлек. Кафеге кіріп қайта-қайта 100гр-датып жүрген Əділ, достарын қия алмай жүр.
Əсем:
— Əділ, жүрші, ертең жұмыс. Демалайық.
Əділ:
— Молчи қатун. Твой день 8 марта.
Ешкімге білдіртпей бүйірінен шымшып алған Əсемнің ашулы екенің мас болса да Əділ түсіне қойды.
Биік-биік көпқабатты үйлердің арасында келе жатқан Əсем Əділге ұрсып келеді.
— Арақты бүгін бірінші рет көрдің бе? Не сонша ішесің?
Үнсіз келе жатқан Əділ кенет кілт тоқтады.
— Əсем, баланың жылаған дауысы шығады. Естіп тұрсың ба?
Əсем:
— Қандай бала? Мен саған айттым емес пе көп ішпе деп.
Əділ:
— Жо-жоқ, Əсем тыңдашы. Сəбидің дауысы, жүрші былай, - деп Əділ Əсемді дауыс шыққан жерге қарай сүйреді.
Əділ:
— Соткаңның фонарын жақшы.
Қоқыс жəшігіне жақындаған Əсем :
— Əділ, мына пакеттің ішінде бірдеңе жыбырлайды.
Қоқыс салатын пакетті жəймен ашқан Əділдің тілі байланды да қалды.
Əсем:
— Əділ, не бар екен? Мен қарауға қорқып тұрмын
Əділ пакетті қолына алғаны сол еді, сəби шар ете қалды. Пакетті қолына алып жерге отыра кеткен Əділ еңкілдеп жылап жіберді. Жанына жүгіріп барған Əсем, пакеттегі жаңа туылған, кіндігі шала кесілген шарананы көрді. Дереу есін жиған Əсем:
— Əділ, тұр костюміңді бер. Бала тоңды.
Қолындағы баланы Əсемге ұстатқан Əділ костюмін шешіп баланы жалма-жан орады.
Үйге келе сала жедел жәрдем шақырды.
Күздің қара суығында далада қалған нəресте әбден тоңып қалған екен. Екі күнде сəби өз-өзіне келді. Сəби бір апта вакуумда жатты.
Вакуумның сыртынан сәбиге үлкен мейіріммен қарап тұрған Əсемді құшақтаған Əділ:
— Осы Сəбиді асырап аламыз. Алла бізге бала бермеді. Бұл Алланың жіберген сыйы немесе жұбанышы болар. Уайымдама сүйіктім. Бар дүниемді сатсам да Аңсарды асырап аламыз,- деді.
Қазір Аңсар 7 жаста. Əкесіне қолғанат, анасына қамқоршы. Сабақты өте жақсы оқиды, əкесі мен анасынның мақтанышы.
Аңсарды асырап алған соң Əсем егізді болды.