АҚШ президенті Дональд Трамп өз жалақысын опиодтық (есірткі) дағдарыспен күреске арнады. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Эрик Хаган хабарлады деп жазады Лента.ру.
«Біздің президент опиоидтық дағдарыс үлкен қауіп төндіріп тұрғанын түсінеді. Қазіргі уақытта американдық отбасылардың ойранын шығарып жатқан басты проблема туралы ойлауымыз қажет»-дейді министр.
АҚШ лидерінің ресми жалақысы 400 мың долларды құрайды екен. Трамп есірткімен күреске 100 мың долларын арнап отыр.
Президент мәліметіне қарағанда, былтырғы жылы АҚШ-та 64 мың адам есірткіні мөлшерден тыс қабылдағаннан қаза тапқан.