Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

/uploads/thumbnail/20171201161442994_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Әңгіме барысында Өзбекстан көшбасшысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен амандық, жаңа табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды бағыттар бойынша серіктестіктігінің жемісті болуының кепіліне, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудың және өзара іс-қимылды арттырудың маңызды факторына айналғанын ерекше атап өтті.

Қатысты Мақалалар