Бүгін Астанада "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездесіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас блогердің хатына тәнті болғанын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.
Айта кетсек, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.