Аштықтан бір-бірін жеген...

/uploads/thumbnail/20171205110215128_small.jpg

Алматы облысында жануарларды қорлап өлтірген тәлімбақ табылды. Бұл жер Іле ауданында Ащыбұлақ аулында орналасқан. Жануарлардың құқығын қорғаушылар мен еріктілер тобының айтуынша, иттерді сұмдық жағдайда ұстаған. Осының салдарынан ашыққан  иттер бір-бір жеген. Бұл туралы хабарлайды ktk.kz.

Иттерге тамақ орнына топырақ берген. Әлдері қалмаған жануарлар тіпті үре де алмай қалған. Еріктілер тобы келген уақытта жануарлар жанында ешқандай қызметкерлер болмаған. Жануарларға жәрдем  береміз дегенше тәлімбақ иелері иттердің көзін жойып үлгерген

Ерекше жануарларға арналған баспананың иесі Ульяна Бакаева барлық иттерді қамқорлыққа алуға дайын едік дейді. «Жануарларға тамақ, қажетті заттарды дайындап қойған болатынбыз. Алайда оларды сол қалпы тірі күйінде көре алмадық. Біз келгенде шұңқыр ішінде олардың мәйіттері табылды»-дейді әйел.

Аталған жердің территоиясында жануарлардың денелері лақтырылған арнайы шұңқыр табылды. Еріктілер тобы көріп кеткен  алабайдың бір сағаттан соң  шұңқырда мәйіті ғана қалған.

Белгілі болғандай, аталған жер мал қорымы болып шыққан. Алайда оның жабылғанына екі аптадай уақыт болған. Ұйым басшысы иттерден облыс тұрғындары өздері бас тартып, бізге беріп жіберген дейді. «Иттер бізде 3 күн болады. Содан кейін біз оларды ұйықтатамыз»-дейді ол.

Жануарлар құқығын қорғаушылар иттерді не себепті мал қорымында ұстағанын түсінбеген. Еріктілер жануарларды не себепті  қорлап, одан кейін өлтіргенін  полиция көмегімен шешуге бел байлап отыр.

Қатысты Мақалалар