"Қамшы.kz" - еркін ақпарат алаңы. Порталымызда жарық көрген “Ислам – басқа дін, өз дініміз – тәңір”(видео) жазбасына түскен пікірлерге осы видеоның авторы "Тоқтар Абыз" ресми түрде жауап жазды.
***
ҚЫСАСТЫҚТЫ фарз деп кек қуатын муслимин емеспін, сондықтан қазақ дүние танымның жолымен әр кісінің айтқанына қысқаша ғана жауап бере кетейін, ұққаны ұғар, ұқпағаны «ол кім?» дегізіп, маған жарнама жасап, «дырылын» жалғастыра берер.
1). Мусылман. Қаңтар 10, 2015 at 8:25 тк. Исламды баска дин деуге калай аузы барды екен, калай дати барып ойлады екен, капир. ЖАУАП. Ия ислам басқа, қазақ дүние танымына үш қайнатса сорпасы қосылмайтын араптың құмды шағылдарынан, қазақтың киелі, көк орай, көк шалғын даласына келген сенім. Бұл сөзге көзіңді жеткізу үшін, Ислам сенімінің шапағатты кітабы Коранды қолыңа ал, 114 сураға орналасқан 6666 аятты дерлігімен жақсылап оқы, түсінбей қалған жерің бар болса Коран мен Каабаның нағыз ИЕГЕРІ болып табылатын Сауди араптарынан сұра. Оған әлің жетпесе, Құран сөздерін құдірет деп білетін, оған кез келген елдің дүние танымын кіргізбей «шірік» деп ұғындыратын, ислами сауаттары берік Салафи бағытын ұстап жүрген қазақ азаматтарынан сұра, мығымдап тұрып түсіндіріп береді. Ал сенің, КАПИР деп маған баға бергенің ислами заңдылықта нағыз шектен шыққандық болып табылады. Себебі сен, шешім қабылдап фатуа жасайтын Аллах емессің. Оның үстіне сен, тек қана мына Фани дүниеде шарасыздықтың кебінін киіп құлға тиесілі құлшылығыңды жасап жүрген Фандесің. Ал Ислам сенімінде, муслимдікті қабылдаған кез келген кісінің, осы фани дүниеде Тахуа болып тірілік жасады ма? әлде аузына келген сөйлеп, дүни заңдылықтарды қорлап Кафир болып тағдыр кешті ма? деген секлді сұқтардың жауабын Хиямет хайымда болатын белгілі бір күні Аллаһтың өзі ғана шығарады. Егер сен, Аллаһтың тап өзі болсаң, айтқаныңа көндік, олай болмаса артық ауыз айтылып сөзден жіберген кінәң мен күніңнің ауыртпалығы өзіңнің мойныңа.
2). Әсел Қаңтар 10, 2015 at 8:29 тк Негізі ислам бізге кейін кеді оның бізге тез таралуының себебі біздің ұлттық ырым тимдарымызға жақсы келді. халық тез қабылдады. ең алғашқы дініміз тәңірлік болғаны рас. бірақ ислам діні секілді дамымаған. жабай дін.
ЖАУАП. Әселдің «ислам бізге кейін келді» деген орынды айтылған сөзіне қосарым, шын мәнінде нағыз Ислам қазақ даласына енді келе бастады, толық қанды орнығып бола қойған жоқ. Оған дәлел осы егемендік алған жылдардың ішінде қазақ даласында Исламның бірнеше бағыты өзінің «дәуренді күндерін» бастарынан өткізіп, қазақтың басын шыр айналдырып шатпақтап, кей бірі өзі жоқ болып кетті, енді біреулері заңмен құрықталды. Қазақ сол шым шытырық имани оқиғалардан кейін, мың ойланып, мың толғанып, үш ұйқтасақ түсімізге кірмеген Ханафи деген ғалымның мағазхабы бағытымен «Нағыз исламды» емес, «қазақы исламды» жүргізгелі отыр. Арты жақсылыққа болсын. Енді Әселдің «исламның бізге тез таралуының себебі, біздің ұлттық ырым тимдарымызға жақсы келді, халық тез қабылдады» деген ойында үңілсек, ақиқат былай өрбиді. Шын мәнінде: «қазақтың көнеден бүгінге жеткен көптеген ұлттық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дүние танымдарын «ширик» деп тауып, ислам келгенге дейін қазақ ешқашан құдайды іздемеген, құдайсыз, дінсіз қалған ел деп ашық айтып отырғандығы, айқын білініп тұрмасада, ислам қазақ даласында қарсылыққа ұшырап отыр. Әселдің «ең алғашқы дініміз тәңірлік болғаны рас» деген сөзі жан жылытады, себебі қазақта Құдайды іздеген, Тәңірлік діні, оның ұстандары мен жөн жоралғылары болған. Бірақ біздің даламызда Тәңір дінініне тиесіл «терминдердің» барлығын ислам діндарларының пайдаланып отырғанын қазақ әлі түсінбей отыр. Сондықтан, Әсел айтқандай, қазақтың барлығы: «(тәңір) ислам діні секілді дамымаған. жабайы дін» деп деп ойлап жүр. Олай емес, Тәңір діні әлі бар, керемет дін, жоғалмаған, оның айғағы мына дәлелдер. Соөзім нақ болу үшін, Ислам сенімі мен Тәңір дінінің ұлағатты түсініктерінің басын ашып, сенің дінің түсінігі саған, менің дінімнің түсінігі маған дейін. ОРАЗА қазақтың Тәңір дінінің сөзі, исламда «АССАУМ» деген Құрани сөз. АУЫЗ АШАР қазақтың Тәңір дінінің ұстаны, исламда «ИФТАР» деп Құран сөзімен нақтыланады. СӘРЕСІ қазақтың Тәңір дінінің амалы, исламда «СУХР» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. МЕШІТ қазақтың Тәңір дінінің ұстаны, исламда «Масжит, Муссалла, Жами» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. НАМАЗ қазақтың Тәңір дінінің амалы, исламда «Салят» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. ЖАНАЗА қазақтың Тәңір дінінің амалы, исламда «Ас Салят» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. ЗИРАТ қазақтың Тәңір дінінің амалы, исламда «Хадж» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. ҚҰРБАНДЫҚ қазақтың Тәңір дінінің амалы, исламда «идальАдха» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. МҰСЫЛМАН қазақтың Тәңір дінінің ұстаны, исламда «Мумин» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. МЫСЫМАН қазақтың Тәңір дінінің ұстаны, исламда «Муслим» делінетін Құран сөзімен сәйкестенеді. Ал Тәңірдің: «Азан, Таңғы намаз, Түскі намаз, Кешкі намаз, Бесін намазы» деген түсініктері, Исламда: Хаматы, Фаджр, Зухр, Аср, Магриб, Иша» делінетін Құран сөздерімен нақтыланады. Діни «терминді» ауыстырып аңдамай сөйлеу, Исламда да ауыр күнә! Бұл сөзіме дәлел болатын Құранның мына аяттары, оқыңыз, ой түйіңіз. ӘНҒАМ СҮРЕСІ. 115аят. Раббыңның сөзі шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші. САФФАТ СҮРЕСІ. 10 аят. Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды. СӘБӘ СҮРЕСІ. 38аят. Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар. Бұл аяттар, Раббының нақтылап кеткен – заңы. Демек, Құранның әр сөзіне Аллахтың мөрі басылған, сондықтан ешкім ешқашан «аяттарды күшінен қалдыруға тырысып», ондағы діни «терминдерді» өзгертуге тиісті емес. Яғни, кез келген діндар өзі айтып отырған уағызында мынау – Ислам, мынау – Христиан, мынау – Иудаизм, мынау – Индуизм, мынау – Буддизм, мынау – Заростризм, ал мынау болса Тәңір дінінің «терминдері», бұлардың бір-бірінен айырымы мынада деп нақтылап айтып, дәлелмен сөйлеуі керек. Осчылай жасағанда ғана дін тазалығы пайда болады.
3). Крылгаш Қаңтар 10, 2015 at 8:32 тк. Қосылам. дин озгертем десен озгерте салатын нарсе емес. мусылман дини бизге кутуба иби муслим енгізіп 942 жылы карахан енгизгеннен бастап мине есептендер канша жыл казактармен бирге келеди.ислам таза дин. айырылып калмайык агайын.
ЖАУАП. Қосылам, шынында дінді өзгертем десеңде өзгерте алмайсың, мықты дін міндетті түрде қаншама теперіш көрседе аман қалады. Тәңір дініде іздегендер картадан таба алмайтын қазақ секілді мықты дін. Бар, бар болсада жоқ, табу үшін іздеу керек. Жағдайдың осылай болып тұрғанын, жоғарыда Әселге жазған жауабымда, Тәңірлік діннің бар екенін, бірақ жоқ болғандай болып тұрған себебі, оның ұстандарын, жоралғыларын, дүние танымдарын ислам діндарлары еркін пайдаланып жүргенін айттым. Ал сенің: «дини бизге Кутуба иби муслим енгізіп» деп бір қайырып, «942 жылы Карахан енгизген» деп екі қайырған түбі терең ғылыми ойыңа келсек, ол жағдайды қазаққа дінді біз кіргізгеміз деп отырған Татарлар мен Ходжаларға айт. Себебі солардың айтуына қарағанда, Исламды түріктерге кіргізіп жатқанда «қазақ» деген ұлтта, халықта болмаған, демек ол кезде Құдайына жалынып, Тәңіріне сиынып көшіп қонып жүрген «тайпа» ретінде исламды қабылдамаған болып шығады. Мен айтам, қазақ ықылым заманнан бері болған, бірақ ешқашан өзінің Тәңірлік дінін сатпаған, соның сара жолымен жүріп келеді, жүре береді. Себебі, ислам діндарлары Тәңірлік «терминдерді» пайдаланып уағыз таратқан сайын, айтпақ ойларының барлығы қазақ дүние танымына жақындап, дініміз одан ары көркейе түсетіндігіне, қазақы дүние танымның үрдістерін бойына сіңіріп алғысы келіп отырған Ханифа мазхабы мен Аллаһтан қорықпай «ширик» деп танылатын қазақы салттың барлығының төрінде қоқайып отырған имамдар куә.
4). Пікір қалдырушы Қаңтар 11, 2015 at 12:16 тд Еу, шал! Ертеңгі күні жаңағы сәбилер келіп сені атып кетіп жүрмесін, байқа кішкене)))
ЖАУАП. Еу, шал! Ғажап сөз! Сенде жасың келгенде «Шал» болып, етегіңе шалынып жүр. Ал сенің: «Еу, шал! Ертеңгі күні жаңағы сәбилер келіп сені атып кетіп жүрмесін, байқа кішкене)))» деген сөзіңе келсек, ана исламның жолымен «такфр» салып «маджахед» болып өскелі жатқан «бүлдіршіндер», менің жеке басымды «атып кетсе» шаруа оңынан бітер еді, сені, сені қойшы, қазақты дерлігімен қырып кетіп жүрмесін. Сондықтан, шал, шал деп шалына бермей, Коранды қолыңа алып оқысаңшы, қашанғы имамның айтқан «тәтті сөздерін» тыңдап жүре бересің, тәттісімен қоса ащысында оқы. Ал ана «жойыт» болғысы келіп отырған жас өрімдер, исламның құдіретті кітабы Корандағы мына аяттарды қаз қалпында орындауышылар болып тәрбиеленіп жатқандықтан, орындамай қоймайды орындайды.
БАҚАРА СҮРЕСІ. 216 АЯТ. Әй мүміндер! Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер. 217 АЯТ. Мұхаммед Ғ.С. олар сенен құрметті айда соғысудан сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу зор кінә. Дегенмен, Алланың жолынан тию, Оған қарсы келу, Месжід Харамнан тыю және оның тұрғындарын шығару Алланың қасында тағы зор күнә» де. Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор. Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың амалдары дүние, ақыретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады.
ТӘУБА СҮРЕСІ. 1 АЯТ. Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктерге бір құлақтандыру. 2 АЯТ. Әй мүшріктер! Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла, кәпірлерді қорлайтынын біліңдер. 5 АЯТ. Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді. 12 АЯТ. Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар. 13 АЯТ. Әй мүміндер! Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ. 14 АЯТ. Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын. 16 АЯТ. Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан, Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етпегендерді Алла, анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші. 20 АЯТ. Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер. 21 АЯТ. Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады. (21) 22 АЯТ. Олар онда мәңгі қалушылар. Расында Алланың қасында ірі сыйлық бар. 23 АЯТ. Әй мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі қарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар. 24 АЯТ. Мұхаммед Ғ.С.: «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды. 29 АЯТ. Кітап берілгендерден, Аллаға, ақырет күніне иман келтірмегендер және Алланың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп білмегендер және де хақ дін Исламды дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар. 38 АЯТ. Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Алла жолында соғысқа шығыңдар»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қозғалғыларың келмеді) Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ақыретке қарағанда өте аз ғана. 39 АЯТ. Егер соғысқа шықпасаңдар, Алла сендерді жан түршігерлік азапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарыңа басқа қауым келтіреді. Сендер Аллаға ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Алла, әр нәрсеге күші жетуші. 41 АЯТ. (Әй мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін қайырлы, егер білген болсаңдар. 83 АЯТ. Мұхаммед Ғ.С. егер Алла сені Тәбүктен Мединедегі соғысқа бармай қалған мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен соғысқа шығуға рұқсат сұраса: «Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар» де. 84 АЯТ. Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді. ӘНФАЛ СҮРЕСІ. 15 АЯТ. Әй мүміндер! Егер соғыста топты жаумен кездессеңдер, сонда кейін шегінбеңдер. 16 АЯТ. Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде шегінсе, әрине Алланың қаһарына ұшырайды. Орны тозақ, нендей жаман орын! 28 АЯТ. Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар. 39 АЯТ. Мұхаммед Ғ.С. Олармен ешбір фитна қалмағанға дейін және дін бүтіндей Алланікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Алла олардың істегендерін толық көруші. 41 АЯТ. Егер сендер Аллаға әрі дұрыс пен бұрыстың айрылған күні; екі топ қарсыласқан Бәдір соғысы күні құлымыз Мұхаммед Ғ.С ға түсірген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ. Сендер, соғыстан олжалап алған нәрселерден бесте бірі Аллаға тән. Сондай-ақ Пайғамбарға, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер. Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді. (41) 45 АЯТ. Әй мүміндер! Қашан бір жау топпен қарсылассаңдар мықты болыңдар да Алланы көп еске алыңдар, әрине құтыласыңдар. 57 АЯТ. Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарға үлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер. (57) 65 АЯТ. Әй Пайғамбар! Мүміндерді соғысқа қызықтыр. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, кәпірлерден мыңды жеңеді. Өйткені, олар түсінбейтін халық. 72 АЯТ. Шынында иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және малдарымен, жандарымен Алла жолында соғысқандар, сондай-ақ босқындарды орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар, бір-бірінің досы. Ал және иман келтіріп, көше алмағандар болса, олар да көшкенге дейін сендерге олардың ешбір ағайындығы жоқ. Онымен қатар, егер олар, сендерден дін жайында бір жәрдем тілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады. Бірақ олар сендермен араларыңда келісім болған елде болса, оның жөні басқа. Алла істегендеріңді толық көруші. 74 АЯТ. Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, Алла жолында соғысқандар, мұһажірлерді орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар; нағыз мүміндер. Оларға жарылқау және көркем несібе бар. 75 АЯТ. Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және сендермен бірге соғысқандар, міне бұлар; сендерден. Және туысқандар Алланың Кітабында бір-біріне тағы жақын. Расында Алла, барлық нәрсені толық біледі.
НИСА СҮРЕСІ. 74 аят: Ендеше, дүние тіршілігін ақыретке айырбастағандар, Алла жолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіске ие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз. Аса құрметті пікірші, Коранда 6666 аят бар, біздің білетініміз ары кетсе 10-ға жуық аятпен, имамдар айтатын құлаққа жағымды, асты үсті жып-жылтыр дәмді сөздер, қалған аяттар жайлы ешкім еш уақытта еш нәрсе айтпаған, тым-тырыс, жым-жырт. Ал біз Коранның жолымен жүріп, аяттағы дәлелдердің барлығын халыққа толық қанды жеткізуіміз керек деп айта қалатындар табыла қалса, олар: дінбұзарлар, исламды жамандаушылар, қазақты адастырушылар, сондықтан оларды қуу керек, елден аластау керек деген секілді ойлар қарша борайды. Фатуа шығардық олардың бәрін қудық, кетті, тіпті қумасақта әр түрлі жолдармен шет жаққа кетіп жатыр, нәтижесі алдарыңда, жас ұрпақтың өзі: Кәфирлерді өлтіреміз, бауыздаймыз, Иншалла! деп ұрандатып отыр. Бұл роликтегі оқиға қазақтың басына түскен қасіреттің басы ғана…
А так. Қаңтар 11, 2015 at 5:16 тд Кулк1мд1 келтирмеши)))) Танир деген создин ози Алла деген соз, немесе кудай деген магына! Ал Ислам динимиздин родной аты! андагы виде ролик таза исламдардын тусиргени деп ойласан кателесесин, бул керисинше ислам динин жаман жагынан корсету, ал жанагы сонгы аятты терен тусин манин билми жатып женил ойга шомылмай! сонда исламдарды каралап олтирип жатса мысалы капирлер карап туруымыз керекпа сондай магынада айтылган! Сонда ислам динин кай бетинмен жабайы дин дегин кептур
ЖАУАП. Күлгенің дұрыс болды. Бірақ, Раббының; Аллаһ, Иллаһ және оған тиесілі 99 көркем есімді, кез келген «Ғаджем» халықтың тіліне аударуға болмайтынын білмейтінің, «күлкіңе» кері әсерін тигізіп тұр. Не жайлы айтқанымды, Корандағы 6666 аятты дерлігімен қазаққа талдап берудің орнына, жаназа қуалап, күндерін амалдап жүрген діндарлардан сұрап аларсың. Ал сенің; «андагы виде ролик таза исламдардын тусиргени деп ойласан кателесесин, бул керисинше ислам динин жаман жагынан корсету» деген сөзің өте таяз жауап, себебі ол роликтің нақты қай жерде түсірілгені анықталғандықтан құзырлы органдар Ютбтан және тағыда басқа сайттардан алып тастады. Біздікі қалған құтқанын жинап, халыққа, осындай осындай шаруа болып жатыр, сақ болыңдар деу, шын мәнінде осындай талдауды Тәңіршілер ғана емес, Ислам имамдарыда өз сайттарында талдап, халыққа ақиқаттың бетін ашуы керек болатын. Сенің, «сонда исламдарды каралап олтирип жатса мысалы капирлер карап туруымыз керекпа», деген тұжырымыңның, сауаттылығы мен кереметтегі сондай, кереметке толы керемет дәлел болып, кемелденіп тұр. Дұрыс, айтатын ойды осылай ашық айтып қана қоймай, кез келген адам түсіне бермейтіндей етіп, келілеп, килограмдап айту керек…. Күлкімді келтірмеші….
ermurat420@.ru Қаңтар 11, 2015 at 8:40 тд Ислам діні бізге берлген үлкен нғмет аллаға шүкірлік етіп сонын кадрне жетейік ағайын.
ЖАУАП. Тілін «калимаға» келтірген қазақтар үшін әрине Ислам нығымет, сондықтан Салафилер уағыздап жүргендей Коран аяттарынан тайқымай, терминдеріне қосақ қоспай, хақ сенімнің сара жолымен жүріп Аллаһ пен Ислам жолында бейіштің ең биік ахи тағы Фердаусқа жеткенге не жетсін. Алдарыңнан жарылқап, исламның қадіріне жетіңдер.
Көктүрік, Қаңтар 11, 2015 at 11:00 тд Тоқтар абыз деген мына азғын кім өзі? қайда тұрады? тәубасына келтірейін. Мен діншіл емеспін. Намаз оқымаймын. Алайда жүрегімде иман бар. Мұсылман боп тудым мұсылман боп өлемін. Тәңіршіл болған иунгіш, Хакас сияқты ұлттар не болды? аты да заты да жойылуға таяды.
ЖАУАП. Ух қалай ә? «Тоқтар абыз деген мына азғын кім өзі? Қайда тұрады? Тәубасына келтірейін» – дейт күшеніп, Көктүрік деген біреу. Қашаннан бері тектілігі алты Арыс Қазақты «қалпақпен ұрып» алатын жағдайға жеткен? Қазақ болса бір сәрі! Ұлы жүз болса – алда тұрад, Орта жүз болса – дауда тұрад, Кіші жүз болса – жауға тұрад деуші еді қазақ ұлты, сабыр азамат сабыр, ашуыңды бас дер едім, олай болмай тұр. Себебі, менің ұққымда келмейтін, қанымды оларға жақындатқым да келмейтін «какой то, г... тюрктің» атын жамылған қазақтың «НАР» баласы, Араптардың сойылын соғып «Тоқтар абызды, тәубасына келтірейін» деееп күшеніп, азынап отыр. Мені Тәубаға келтірем дейсің, исламда Тәубаға келтірмейді, құлшылықты ниет еткен құлдарға «калима» айтқызып Аллаһқа «иман» келтіртеді, сондықтан исламда құлшылықты әлі ниет етпеген фандені иманға келтіруде зорлық жоқ екенін білмейсің. Намаз оқымаймын дейсің, исламның талабы бойынша бес уақыт «саляят» оқымағанның жүрегінде иман, мыйыңда Аллаһты бірлейтін ақылдың болмайтынын білмейсің. Мұсылман боп тудым мұсылман болып өлемін дейсің, бірақ туылғанда бір ұлттың өкілі болып туып, тіліңді «калимаға» келтіріп исламды қабылдап тірлік жасап, пенделік оймен мумин не муслимин болып өлдім дегеніңмен, «хиямет хайымға» дейін қабір сұрағында тұрып, сұрақтан аман өткен соң ғана барып, сенің не нағыз мумин, не нағыз муслим, не нағыз дін бұзған кафир болғаның анықталып, бахи дүниенің не – жаннатына, не – жаһаннамына жіберілетініңді білмейсің. Тірімде «муслиммін» деген екенмін, өлегенде де «муслим» болып қалып, жаннаттан бірақ шығам деп ойлап жүр екенсің ғой, тапқан екесің оп оңай жауапты, алдымен сен өлгеннен кейін қабірде сұралатын Анкур Мункірдің алғашқы сұрақтарынан құтылып ал. Түк білмейсің, білместің «күшенгені» жаман болады, себебі соңы насырға шабады. Сондықтан, исламды қорғағыш муслимин болғың келсе, бес уақыт саляятыңды нақтап, жүрегіңмен мыйыңды, Коранның ащы, тұщы аяттарымен қанықтыр. Сондықтан, интернетте отырып алып, болашақта Коранның аяттары шыққалы тұрған аузыңнан «азғынның» сөзін ағызбай, дәлел сөздерді турала. Сондықтан, исламды қабылдап сәждеге басыңды тигізгеннен соң Аллаһ орналасатын жүрегіңе, «қатыгездіктің қамытын» кигізбей, кісіліктің мейірімін орнықтыр. Сондықтан, исламнан басқа сенім мен діндердің бәрі жаман деп, шешім қабылдатып алдап тұрған Мыйыңа, надандықтың тұқымын себе бермей, ілім мен ғылымның заңдарын ек. СОНЫМЕН қисық қыңыр пікір жазуға, қалай болса солай лағнет айтуға, ұнамағанды лезде тәубаға келтіретін «жойыт» болуға Аллаөтың діл өзінен рұқсат алған құдіретті құл болсаңдар да, бұғынып отырып қышқыра бермей, есімдеріңді толық көрсетіп менің сайттарыма шығыңдар, танысайық, білісейік, әйтпесе сендердің қай жерде отырғандарыңды, аты жөдеріңді толық білу үшін, босқадан босқа бір күн уақытымды құрттым, қазақтың қазақты іздегені қиын жұмыс екен. Оның үстіне құқық органдарына, исламистер маған «Қамшы» порталы арқылы осындай осындай адрестерден қоқан лоқы көрсетіп, тәубама келтіргелі жатыр деп ескертуде, ауыртпалығы бар жұмыс екен. Сөзді соза бермейін, мені іздегісі келгендер интернеттегі іздегішке Тоқтар Абыз деп жазсаңдар: Гугл,Ютуб,Ювижен,Твиттер,Контакт,Майл,Фейсбуктен тауып аласыңдар.
БІР СӨЗ. Мен бұл порталға қазақ хандығының 550 жылдығына Бәйге жариялапты деген соң кіріп, атуына басуы тура келіп ролигімді көріп, есіміме шамалары жеткенше «тас лақтырып» жатқандардың сөздерін оқып, осы үшбу ойымды жазып отырған жағдайым бар. Егер, жазғанымды порталдарың қоймасаңдар, адрестеріңді көрсетіп өзімнің блогтарыма қоям, басқа амал жоқ.