Алматыда 2015 жылдың аяғына дейін қоғамдық көліктер электронды билет жүйесімен қамтылады.
Бұл туралы Алматы арнасы "Ашық әңгіме" бағдарламасында қалалық жолаушылар көлігі басқарма басшысының орынбасары Ерлан Әділов мәлімдеді.
Әділовтың айтуынша Транс Холдинг мекемесі 2015 жылдың аяғына дейін барлық қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу керек. Ал қазіргі таңда автобустарда орналасқан валидаторлар ескі болғандықтан қағаз ақшаны қабылдамайды.
Соның салдарынан халық ұсақ тиынды қоғамдық көліктерге мінгенде өздерімен бірге алып жүруге мәжбүр болуда.
"Осы мәселені шешу мақсатында Транс Холдинг арқылы инвестрлер электронды билеттердің жобасын бастап жатыр. Мен ойлаймын 2015 жылдың аяғына дейін бұл мәселе шешімін табады", - дейді Ерлан Әділов.
"Алматы" телеарнасы