Қытайлық ұялы телефон өндірушілер жаңадан Xiaomi смартфонын нарыққа шығарды. Пекинде шығатын Mi Note және Mi Note Pro телефондары Apple компаниясының жаңа өнімі iPhone алтыға бәсекелес болады деп күтілуде.
Компания директоры Лэй Цзюнь Mi Note смартфонын таныстыру кезінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондарына қарағанда жеңіл әрі ұстауға ыңғайлы деді.
Жаңа телефонның экранының диагоналы 5,7 дюйм, қалыңдығы 6,95 мм, салмағы 161 грамм. Айфон 6 плюспен салыстырғанда 1,05 милиметрге жұқа әрі 11 граммға жеңіл көрінеді.
Mi-Note телефонының сақтау сыйымдылығы 16 Гбайт, процессоры төрт ядролы Snapdragon 801, жедел жады 3 Гбайт болып жабдықталған. Оның құны 2.299 юань тұрады. Iphone 6 Plus және Samsung Galaxy Note 4 смартфондарымен салыстырғанда екі есеге арзан. Екі модельде де 13 Мп және 4 мегапиксельді Sony компаниясы жасаған екі камера бар.
Mi Note нарыққа шыққан күннен бастап жылдам өтіп жатқан көрінеді. Ал, MiNote Pro смартфонын толық нұсқасын тек наурыз айында ғана сатып алуға болады. Экранның көлемі 2560х1440 (515 пиксел дюйм), Mi Note Pro Snapdragon 810 процссоры негізінде сегіз ядролы болады. Жедел жады 4 гб көбейтілді. Ал сақтау сыйымдылығы 64 гб.
"Xiaomi 2014 жылы әлемдегі ең жылдам телефон өндіретін компаниялардың бірі болды. Қазіргі кезде компания бәсекелестерін нарықта баға бойынша ұтуы мүмкін", – дейді сарапшылар.
Дереккөз: БАҚ.kz
