Ақтөбе тұрғыны полицияның тізесін қыршып алды

/uploads/thumbnail/20170708162403905_small.jpg

Ақтөбеде жергілікті тұрғын тәртіп сақшысының тізесін тістеп алды, деп хабарлайды Вnews.kz.

Араққa сылқия тойып алған екі азамат автобусқа мінеді. Орындықтарына жайғасқан бойда дауыс көтеріп, жанындағылардың мазасын ала бастайды. Ескерту жасаған кондуктордың өзін балағаттап, сөзге келеді.

Шыдамы таусылған автобус жүргізушісі олардың көліктен түсуін талап етеді. Мас жолаушылар оған да құлақ аспаған. Ақыры тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуге тура келеді.

Біріншісі сол бойда кешірім сұрап, автобустан шығып кетеді. Ал оның қасында болған 48 жастағы тұрғын тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгіріпті.

Кейін тізерлеп отыра қалып, полиция қызметкерінің тізесін тістеп алған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қатысты Мақалалар