«АрселорМиттал Теміртау» кеншілеріне қандай шарт ұсынағаны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171215114515892_small.jpg

Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кенші шахталардан шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қарағанды әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы ереуіл аяқталды. «Қазақстан» шахтасының жұмысшылары облыс әкімі Ерлан Қошанов және АМТ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездескен соң жер бетіне шыға бастады. Кейін «Шахтинск», «Тентек» және «Ленин» атындағы шахта кеншілері жер астынан көтерілді.

15 желтоқсанда түнгі сағат бірге қарай барлық кеншілер жер астынан шыға бастады. Жер астынан 420-дай кенші шықты.

Жұмыс беруші кеншілерге  келесі шарттарды ұсынып отыр: Кеншілердің жалақысы отыз пайызға көтеріледі. Әрі қарай келіссөз жүргізу барысында комиссия жер үстінде жұмыс істейтін кеншілердің жалақысын өсіру мәселесін шешеді.  Көмір департаментінің барлық жұмысшысына бір жалақы көлемінде бір реттік сыйақы төленеді.

Тағы айта кететіні жұмыс беруші 15 желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, 16 желтоқсаннан бастап жұмысқа кіруді ұсынды.

«Кеншілер арасында Шахтинск қаласының прокуроры қол қойған хат кеншілер арасында таратылды.  Хатта  кеншілерге ереуілге шыққаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырамайтыны айтылған.  Бұдан бөлек, прокуратура органы қажет болған жағдайда құқықтық қолдау көрсетуге дайын», — деп хабарлады әкімдік.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар