Маңғыстаулық мектеп оқушысының асқазанынан 30см. шаш табылды

/uploads/thumbnail/20171215121453463_small.jpg

Екі апта бұрын жасөспірімнің іші ауыра бастаған. Ультрадыбыстық тексеріс нәтижесінде оның асқазанынан бір уыс шаш табылған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургы Талғат Мұқантаев ота жайлы айтып берді.

«Бір уыс шаш қыздың асқазанында бос орын қалдырмаған. Шамамен жылына үш-төрт рет бізге осындай емделушілер келеді. Алайда дәл осындай тығыз шаш уысын бірінші рет кезіктіріп отырмын. Қазір қыздың жағдайы жақсы»-дейді Талғат Мұқантаев.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар