Соңғы кездері Қазнетте танымал болған видеоларды біз айтпасақ та біліп отырсыз. Қазақтың тойы мен думаны оның ән-күйінсіз қалды. Тамаша әзіл мен әннің орнын, саф өнердің орнын енді жартылай жалаңаш немесе дырдай жалаңаш билеу басып бара жатқан сияқты.
Оған дәлел осыдан бірнеше күн бұрын ВК әлеуметтік желісі мен Facebook әлеуметтік желісі арқылы жалпақ жұртқа тараған видео. Бұл масқаралықты ел-жұрт сынаймыз деп бөлісе отырып, оның жарнамасын аспанға шарықтатты. Бұл нағыз - "атың шықпаса жер өртенің" кері.
Осындай жағдай бірнеше ай бұрын түнгі клубтардың бірінде орын алып, аталмыш бейнекөріністе WhatsApp желісі арқылы кеңінен таралған еді.
Біздің қоғам мұндай азғындыққа селт етпейтін деңгейге түсті. Бүгінгі күн үшін оның алдын алуға тек сіз бен біздің иманымыз ғана тосқауыл бола алады. Осы той мен клуб иелерін жалпы халыққа шоу жасаймыз деп халықтың ұят пердесін жыртқаны үшін сотқа беру керек. Мұндай азғындықты әр адамның имандылық пен ұятқа қарай жасаған аз ғана қадамы арқылы бүкіл қоғамды үлкен ілгерлеуге жетелей аламыз. Бұл іске бей-жай қарамаңыз...