Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев дүниеден озды

/uploads/thumbnail/20171216112045798_small.jpg

Қазақстандық белгілі футбол ардагері Тимур Сегізбаев 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы ақпарат алматылық "Қайрат" футбол клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған болатын.

Тимур Сегізбаев 1960-1969 жылдар аралығында "Қайрат" командасының құрамында 12 футбол маусымына қатысып, 200-ден аса матчта ойнаған. 1964-1969 жылдар аралығында команда капитаны болды. Кейін Алматының "Қайрат", Қарағандының "Шахтер", Қызылорданың "Автомобилист" және "Мелиоратор" командаларын жаттықтырды.

2014 жылы Алматының "Қайрат" футбол командасы жанынан Тимур Сегізбаев атындағы академия ашылған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар