Әзербайжан президенті Ильхам Алиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хат жолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әзірбайжан Республикасының президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Өзімнің және Әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әзірбайжан-Қазақстан мемлекетаралық қарым-қатынасы, өзара сенім мен қолдауға негізделген достығымыз бен серіктестігіміз, бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі дами беретініне сенемін», — делінген құттықтауда.
Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі
Пікір қалдыру