Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

/uploads/thumbnail/20171216174729439_small.jpg

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР АШМ ұжымына жаңа министрі Өмірзақ Шөкеевті таныстырды  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды», - деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовке бірлесіп атқарған нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«Министрліктің алдында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру секілді өте маңызды міндеттер тұр», - деді Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті таныстыра отырып. -Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтып өтті. Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, түсімді арттыру, еңбек өнімділігін ұлғайту және саланың экспорттық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс қарқынын күшейтіп, жеделдетуі керек. Негізгі басымдық - жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру».

Б.Сағынтаев жаңа министрге және министрлік ұжымына табыс тілеп, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене араласып, барынша күш жұмылдыру қажеттігін айтты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар