АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, болашақта жақсы-қарым қатынаста болуға ниетті екендігін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ билігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде:
"АҚШ басшылығының атынан барша қазақстандықтарды осымен 26-шы рет тойланып отырған тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.
Қазіргі таңда Қазақстан мен АҚШ: экономика, ғылым, технология және энергетика саласын дамытуға бірге ат салысып келе жатқан жақын серіктестер. Қазақстанды Астанадағы "ЭКСПО 2017" көрмесін сәтті аяқтауымен де құттықтап қойғымыз келеді. Бұл көрме Қазақстанның әлемдік энергетика саласын дамытуға үлес қосқысы келетіндігін көрсетті",-делінген.