Астанада жол көлік оқиғасын жасағаны үшін полиция қызметкерлері такси жүргізушісін тоқтатты, жүргізуші полицияға қарсылық көрсетті.
Полицияның мәліметінше, Астанада 3 қаңтар күні 14.20 айналасында KIA көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасап, апат орнынан ізін суытқан.
Такси жүргізушісі сақшыға өз ісі үшін жауап берудің орнына көлігін бекітіп, қарсылық көрсетіп, қашып кетудің амалдарын жасаған.
Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл оқиғаны полиция қызметкерлері бейнежазбаға түсірген. Бейнеде жүргізуші көліктен шығудан бас тартып, қашудың қамына кіріседі. Сол кезде ішкі істер қызметкерлері көлік терезесін бұзудың амалдарын жасайды.
https://www.youtube.com/watch?v=LUk6Eh9i8bU
Пікір қалдыру