Ұлттық ұланда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар өтті

/uploads/thumbnail/20171218120026078_small.jpg

 

  Еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқармасында айшықты мерекеге арналған бірқатар салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

  Атап айтқанда,  осы шара барысында жауынгерлік қызметте ерік, жігерімен, табандылығы және еңбексүйгіштігімен дараланған әскери қызметшілерге еліміздің Ішкі істер министрі, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан берілген мемлекеттік марапаттарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Қайрат Ақтанов табыстап, марапат иелеріне сый-құрмет көрсетті.

Сонымен қатар салтанатты жиын барысында «Елбасы сабақтары» деп аталатын ақпараттық-насихат шара өткізіліп, онда өңірлік қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сүлейменов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен барша жетістіктері жайлы кең тұрғыда түсіндіріп, баяндама жасады.

ұлан

Және де осы шара барысында саналы ғұмырларын Отан қорғау қызметіне арнап, қызметте болудың шекті жасынан жеткен 6 бірдей жоғары шенді әскери қызметшіні құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған ұлықтау шарасы да өтті. Атап айтсақ, өңірлік қолбасшылықтың медицина қызметін ұзақ жылдар бойы басқарған медицина қызметінің полковнигі Қалыбек Бұралхиев: «Әскери қызмет болғаныма жалпы алғанда барлығы 30 жылдан аса уақыт өтіпті. Әрине, біз қызметке кезде өткен ғасырдың 80-ші жылдары еді. Кейін тәу етер Тәуелсіздік те басымызға бақыт құсы болып қонып, егемендік алдық. Сол тұстағы қиыншылық жылдар әлі есімізде. Кадр тапшылығы, техникалық базаның әлсіздігі, тіпті тізе берсек көп, бір күн әскери бөлімдеріміздерде электр жарығы болып, бір күн болмаған тұстарды бастан өткіздік. Әрине, нарық жылдары өте қыспаққа толы болды. Бірақ, сонын барлығын еліміз еңсерді. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еңсердік. Қазір сол тұстарды еске алсам көрген түстей болады да тұрады. Енді міне, бүгін құрметті зейнеткерлік демалысқа шығып отырмын. Осы сәттің өзі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп, осы күні шығып отырғаным да мен үшін зор қуаныш деп білемін», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, өңірлік қолбасшылық басшылығы тарапынан еліміздің бас мейрамы - Тәуелсіздік күніне орай арнайы концерттік тарту жасау туралы шешім қабылданған болатын. Осыған сәйкес аталған шараның соңы өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5571 әскери бөлімінің Әскери ән-би оркестрінің мерекелік концертіне ұласты. Бұл ән шашуға арнайы бағдарлама да дайындалды. Онда елімізге танымал патриоттық әуендер шырқалып, Әскери оркестр ұжымынан бөлек басқа да елге танымал өнерпаз мен ұжымдар өнер көрсетті. Мерекеге арналған үлкен концертке Алматы қаласы әкімшілігінің, қаладағы күш-қуат органдарының, «Нұр Отан» партиясының, және басқа да өзара ықпалдастық мекемелерінің өкілдері, ардагерлер, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері мен орта білім беру орындарының оқушылары қатысты.

Қатысты Мақалалар