Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы өкімімен Марал Жақыпова Ақмола облыстық тілдер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Марал Жақыпова 1962 жылы туған. Жоғары білімі бар. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы бастаған. 1985-1996 жылдар аралығында мәдениет саласында әртүрлі қызметтер атқарды.
1996-2005 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдарда түрлі әкімшілік мемлекеттік қызметте болды. 2007 жылдың тамызынан 2012 жылдың мамырына дейін Бурабай ауданының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінде, Ақмола облысы әкімі аппаратында қызмет істеді.
2012 жылдың мамыры мен 2016 жылдың мамыры аралығында Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрынының директоры болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облысы филиалы хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарды.