Атырау қаласындағы ауылдарға су қайта беріле бастады

/uploads/thumbnail/20171221084656471_small.jpg

Атырау қаласының маңындағы ауылдардың су құбырларындағы ақаулар түзеліп, су беріле бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Еске сала кетсек, қала маңындағы Курилкино, Водников, Водников-2, Көк Арна, Алғабас және Тасқала ауылдарында сейсенбі күні су беру тоқтатылып, бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Жөндеу бригадалары ақау табылған жерде жарты тәуліктей жұмыс істеп, құбырларды ретке келтірді. Алайда таңертең Водников-2 ауылында тағы бір ақау шықты.

«Қазіргі сәтте сумен қамту желісіндегі бүкіл техникалық ақаулар жойылды. Қала маңындағы ауылдарға су штаттық режимде беріліп жатыр», - деп мәлімдеді «Атырау су Арнасы» КМК баспасөз қызметі.

Дегенмен осы мәселе әлеуметтік желіде көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі болып қалуда. Зардап шеккен ауылдардың тұрғындары қақаған аяз болса, былтыр қыста жатқызылған құбырлар мұз қатқан топырақтың қысымына төзе алмауы мүмкін екенін айтып, алаңдап отыр.

Қатысты Мақалалар