Әли Ахмедовтың кезекті қарсыласы белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170729091330114_small.jpg

Алматыда 30 желтоқсан күні өтетін, басты айқасқа Фируза Шәріпова қатысатын жекпе-жек кешінде өнер көрсететін жеңілмейтін қазақстандық Әли Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz cайтына сілтеме жасай отырып. Қазақстандық спортшы қыздың баспасөз қызметі Ахметовке 28 жастағы әзербайжан боксшысы Исмат Эйнуллаев қарсылас болатынын хабарлады.

«Біздің Әлидің қарсыласы Әзербайжаннан келетін Исмат Эйнуллаев. Жасы 28-де. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, соның 12-сінде жеңген, екі рет жеңілген. Исмат бұрын бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Бірақ ол жас, жетіле түсіп, жартылай ауыр салмаққа өтті. Бұл боксшыны егжей-тегжейлі зерттеген жоқпыз, мұнда шаршы алаңға шығып, жеңу қажет. Келесіде Әли Ахмедовпен НВО келісім жасасуға мүдделі болып отыр. Сонан соң біздің боксшыға аты шыққан спортшылармен кездесу өткізудің сәті түседі», — дейді оның бапкері Сағатбек Мұсаханов.

Еске сала кетейік, Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі дебютін 2016 жылдың мамырында өткізген болатын. Содан бергі он жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті. Оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтады. Жартылай ауыр салмақтағы NABF Junior және WBC Youth титулдары үшін 2017 жылғы 8 желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде 22 жастағы қазақстандық боксшы америкалық Дешон Вебстерді тізе бүктірген еді.

Жекпе-жек кешінің басты айқасында Фируза Шәріпова бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы мен WBC Silver белдігі үшін күш сынасады. Егер жеңіске жетсе, екі салмақ категориясындағы қазіргі әлем чемпионы атанады.

Қатысты Мақалалар