Әлеуметтік желіде заманауи жырау деген атпен танымал болған Жан Ахмадиев өзінің кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кететін болсақ Жан Ахмадиевтің осыған дейін де «Қазақпыз ғой» атты 5 түрлі бейнебаяны әлеуметтік желіге жарияланған болатын. Сонымен бірге Жан Ахмадиевтің осыдан біраз уақыт бұрын «Зың қыздар» деген бейнебаяны да көпшіліктің талқысына түсті. Аталған бейнебаян көпшіліктің наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талғыланған болатын.