Мельбурнде автокөлік қағып кеткендердің саны 19-ға жетті

/uploads/thumbnail/20171221133425181_small.jpg

Австралиядағы Мельбурн қаласындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен автокөлік қағып кеткен адамдар саны 19-ға жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Оның 13-і ауруханаға жеткізілсе, қалған екеуі оқиға орнында медициналық көмек алып жатыр, деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметі.  

Осыдан бұрын, бұл оқиғадан зардап шеккендер саны 12 болған және олардың арасында мектеп жасына жетпеген бала да болған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем Twitter парақшасында: «Медицина қызметкерлері қазіргі кезде 13 адамды ауруханаға жеткізді, ал қалған екеуіне дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетіп жатыр», деп жазды.

Қазіргі уақытта автокөлік жүргізушісі ұсталып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Қатысты Мақалалар