Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды деген ақпар тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алайда ресми ақпарат берілген жоқ. Qamshy.kz тілшісі істің мән-жайын анықтау үшін Алматы әкімдігінің өкіліне хабарласты.
«Бізде бәрі тыныш, ондай болса бәрі шулап кететін еді», - деп жауап берді Алматы қаласы әкімдігінің өкілі.