Алмалы ауданында 5000 жедел ота жасалған – Ж.Естенов

/uploads/thumbnail/20170804131606599_small.jpg

Алмалы ауданы аумағында 26 медицина мекемелері орналасқан. Барлық медицина мекемелерінде инновациялық технологиялар ендірілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі ота жасалуда. Бұл туралы ауданының әкімі Жасұлан Естенов Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Аудан басшысының ақпаратына сүйенсек, медицина мекемелерінде қазіргі таңда шетелдік мамандар түрлі мастер-класстар өткізуде. Мысалы, Қалалық кардиологиялық орталық Қазақстандағы жұмыс жасап тұрған жүрекке ота жасаудың 60 %-дан астамы жүзеге асырылатын бірден-бір орталық болса, жедел шұғыл көмек көрсету орталығында жылына 5000-нан астам ота жасалады. Сондай-ақ, биылғы жылы медицинаның соңғы технологияларымен жабдықталған Репродуктивтік медицина институтының жаңа филиалы қолданысқа берілді. 

Аудан аумағында 65 000 аса студент оқиды, яғни қала студенттерінің 40%-ы. Ағымдағы жыл Алматы қаласы әкімімен «Жастар жылы» деп аталды. Сол себептен аудан жастар көптеген іс-шараларға қатыстырылады. Жастардың дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін бұрынғы трамвай депосының орнында жастарға арналған лофт-орталық ашылды,-деп хабарлады аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы.

Қатысты Мақалалар