Ішкі істер министрлігі Астана қаласы бойынша ЕЦ 166/10 ДУИС мекемесінде жазасын өтеуші Т.А.Ермегияевқа аталмыш мекеме қызметкерлері жазасын өтеу үшін жақсы жағдай жасап отырғанын анықтады деп деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында ішкі істер министрлігінің бұйрығымен заң мен тәртіпті бұзғаны үшін 16 лауазымды тұлға жазаланды. Біреуі жұмыстан шығарылса, 12-сі қызметтерінен айырылды.
ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы әділет полковнигі Базылбеков А.Х мен оның орынбасары әділет полковнигі Төремұратов Б.Т қызметтегі заң бұзушылық үшін ескерту алды.
"Қылмыстық атқару жүйесі бөлімшелерінде жазалардың орындалуы мен жұмыстардың ұйымдасуы, сонымен бірге басқа қызмет орындарымен байланыстар тексерілді",-деді Алмас Садубаев.
16 желтоқсанда Алматы аудандық №2 соты ЕЦ-166/10 КУИС ұйымының басшысының орынбасары Талғат Мусаевты қамауға алуға қатысты өтінішті қарады. Сот шешіміне сәйкес, Талғат Мұсаевті екі айға, яғни 2018 жылдың 15 ақпанына дейін қамауға алу туралы шешім шығарды,-деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.