Адамның бас сүйегі пішінді Астероид Жерге жақындап келеді. 2018 жылдың қарашасында ғаламшарға ең жақын қашықтықта болады деген болжам барЖақындау мерзімі 2018 жылдың қарашасы деп болжанды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Астероидтың мөлшері 625-тен 700 метрге дейін жетеді, ал айналу мерзімі шамамен үш сағатты құрайды. Сонымен қатар, оның беткі қабаты күн сәулесінің 6 пайызын көрсетеді.
«Бұл астероидтың көмірмен салыстырғанда өте қараңғы екенін білдіреді», - дейді астрофизика институтының ғалымы Андалусии Пабло Сантос-Санс.
Бұдан бұрын Жер мен астероидтың жақындығы 2015 жылдың 31 қазанында орын алған. Сол себебі астрономдар оған «Хэллоуиндік» деген ат қойған.
Ғалымдардың болжамынша, келесі «2015 ТВ-145» астероиді Жерге 2088 жылы бірақ жақындайды.