2017 жылы танылған жаңа есімдер

/uploads/thumbnail/20171222171122847_small.png

Осы жыл саяси сахнада да, шоу-бизнес саласында да жаңалықтарға, жаңа есімдерге толы болды. Халықаралық аренада түрлі өзгерістер орын алды, ел президенттері ауысты, бұрын танылмай жүргендер атаққа ие болып, таланттарды ел мойындады.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі 2017 жылы танымалдылыққа ие болған, халықтың көзіне түсіп, ел елеулісіне айналған адамдардың тізімін жасап көрді.

ДОНАЛЬД ТРАМП

трамп

2017 жылдың 20 қаңтарында АҚШ тарихында саяси жаңалық болды: 45-президент билікке келді.

Бұрындары көпшілік  Дональд Трампты америкалық кәсіпкер ретінде танитын, тіпті кейбіреулер оны мүлдем білмейтін де еді. Бүгінде халықаралық жаңалықтардың тең жартысы осы тұлғаның фамилиясымен тығыз байланысты.

Бұған дейін саясаткер, қоғам қайраткері ретінде танымал болған Трамп АҚШ телерадио саласында атақты тұлға, жазушы. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Trump Organization компаниясының президенті және әлем бойынша казино мен қонақ үйлері бар Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. Алайда, 45-президент атанғаннан кейін ғана, бүкіл әлем оны тани бастады.

ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН

МАКРОН

Тағы бір халықаралық көкжиектегі жаңа есім - Эммануэль Макрон. Францияның бұрынғы саясаткері Э.Макрон енді  Францияның 25-президенті. «Алға Республика!» саяси партиясының лидері. 2017 жылы өткен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Францияның ең жас президенті атанды.

 ЛУИС ФОНСИ

фОНСИ

Осы жылдың «хит» әніне айналған Despacito-ның орындаушысы Луис Фонси Мәскеуге концерт беретінін хабарлағанда оның тыңдармандары барлық билеттерді санаулы сағаттарда сатып алған екен. Бірақ, кейіннен тыңдармандар пуэрториколық әншінің бір жарым сағаттық концертінде  Despacito әнін  ғана тыңдаймыз ба деген ойға келіп, әншінің тағы 9 альбомы бар екенін білгенде таңырқап қалған. Шын мәнінде, 2017 жылы Youtube желісінде бейнебаяны 4,5 млрд көрілім жинаған Луис Фонсиді осы жылы жұлдызы жарқырап, бағы жанған адам ретінде айтуға болады.

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН

Димаш

Қазақстан мен ТМД елдерінде бұрындары да  танымалдылыққа ие Димаш осы жылы Қытайға ғана емес, барлық әлемге есімін әйгілі етті.   Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы. Осы жылы Қытайда өткен "I am a Singer" жобасында екінші орын алды.

 ДАНЭЛИЯ ТӨЛЕШОВА

дАНЭЛИЯ

 

11 жастағы алматылық Данэлия Төлешова осы жылдың үздік таланты деген атқа лайықты деп танылды.  Ол Украинада өткен «Дауыс.Балалар» жобасының жеңімпазы. Тым жас болуына қарамастан, қыздың даусы мен ән айту шеберлігі, шын мәнінде таңқалдырарлық.  «Менің арманым—өз саламның кәсіби маманы болу»-дейді жеткіншек.

АБЗАЛ МЫРЗАШ

аБЗАЛ

12 жастағы вундеркинд бала Абзал Мырзаш қазір Қазақ-британ техникалық университетінің студенті. Жақында аталған оқу орнының ректоры Абзалға  тегін оқуға арналған грант табыстаған. Мектеп бағдарламасын бірнеше жылда үйреніп шыққан Абзал бүгін 1-курс студенті және жарқын болашағына деген сенімі мол.

ЖҰЛДЫЗ ӘБДІКӘРІМОВА

ЖҰЛДЫЗ

Жұлдыз Әбдікәрімованың актерлік шеберлігі туралы біраз сын да, мін де, мадақтауларда айтылды. Осы уақытқа дейін отбасылық өмірден қол үзбей жүрген жас актриса тек 2017 жылы ғана өз өнерін паш етіп, жұлдызы жарқырап шыға келді.

Осы жылды қорытындылай келе, жыл барысында талантымен, еңбегімен, ақыл-білімімен, әрекеттерімен танылған есімдердің бірсыпырасын қарастырдық. Алдағы уақытта да бұл есімдердің  тізімі  толыға түседі деген үміт бар.  Ал сіз, осы жылы танылған жаңа есімдерге кімдерді жатқызар едіңіз?

 

НАЗЕРКЕ МҰСА

Қатысты Мақалалар