Елбасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

/uploads/thumbnail/20171222192201194_small.jpg

Парламент пен Үкіметке неге белсенділікті күшейтуі керек? Өмірзақ Шөкеев неліктен Премьер-Министрдің орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды? Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы жетекші БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеп жазады. 

Ақорданың твиттер парақшасында жарияланғандай, басқосуда биылғы жыл қорытындыланып, бірқатар маңызды тақырып көтерілген.  Атап өтсек, Мемлекет басшысы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшуі маңызды екенін тілге тиек еткен.

Сондай-ақ Тəуелсіздік алғалы елімізге 1 миллионнан астам қандасымыздың көшіп келгені және ұлы көштің əлі де жалғасып келе жатқаны айтылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны жайлы пікірін білдірді.

Қатысты Мақалалар