2017 жылғы 23-25 желтоқсан демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Сібір антициклонының тау сілемдері Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райын әлі де ұстап тұр. Оның орнына жылы және дымқыл ауа массалары қысымының күшінен ауа температурасының көтерілуі күтілетін, Оңтүстік-Каспийлік циклон келеді.
Циклонның батыстан шығысқа жылжу шамасына қарай, көптеген облыстарда қар жауып, бұрқасын болып, күшті оңтүстік-батыс желі соғып, көктайғақ күтілуде.