ОҚО әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

/uploads/thumbnail/20171223160504610_small.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ешқандай шара қолданбағандықтан ОҚО әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, өзіне жүктелген міндетті тиісінше орындамаған және де пара алғаны үшін жауапқа тартылған  ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысына сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ешқандай шара қолданбағандықтан ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Садыбековке «сөгіс» жарияланып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес облыстық әкімдіктің Ішкі саясат бөліміне басшылық жүргізетін Садыбековке тәртіптік жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, басшы өз қоластындағы жұмысшыларының барлық іс-әрекетіне жауапты болып табылады.

ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Б. ағымдағы жылдың қазан айында 2,1 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен ұсталған болатын. Қазіргі уақытта ОҚО Ішкі саясат басқарма басшысының ісі сотта қаралып жатыр.

Қатысты Мақалалар