АҚШ-та ұшақ құлап, 5 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20171225101345504_small.jpg

АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап, соның салдарынан 5 адам көз жұмды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы РИА Нововсти хабарлады.

Оқиға жексенбі күні таңертең орын алған. Cessna 340 маркалы екі моторлы ұшақ Бартау әуежайынан ұшқаннан кейін құлады.

Ұшақтың ішіндегі бес адамның төртеуі туыс адамдар. Олардың бәрі қаза тапты. Шериф Греди Джаддтың айтуынша, қайғылы оқиғада ұшақтағылардың аман қалуына ешқандай мүмкіндік болмаған.   

Қатысты Мақалалар