Елбасы: Путин - Ресей президенті сайлауындағы басты кандидат

/uploads/thumbnail/20171109191631348_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы наурызда өтетін президент сайлауында басты кандидат болады деген пікір білдірді. Назарбаев бұл жайында қазақстандық БАҚ өкілдерімен өткен жабық кездесуінде айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасай отырып.

- Владимир Путин президенттікке ұсынылды, оған әрқашан сәттілік тілеймін. Меніңше, ол - осы сайлаудағы фаворит. Ресей Еуропа елдері мен АҚШ-тың қысымына ұшыраған мұндай қиын кезеңде Путин мемлекет қайраткері ретінде бұған төзеді және халықты алға бастай алады, - деді Назарбаев.

Қазақсан президенті сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы "қазіргідей қарым-қатынасты сақтау керегін" айтты.

Владимир Путин Ресей президенті сайлауына төртінші мәрте түсейін деп отыр. 2008-2012 жылдары премьер-министр болған кезін қоса есептегенде, Путиннің билікте отырғанына 18 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды басқарып келе жатқанына 28 жыл болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар