Алматыда бас мүфти Qamshy.kz жетекшісі Біләл Қуанышты қабылдады

/uploads/thumbnail/20171229145620234_small.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуанышпен кездесті.

Кездесуде журналист Біләл Қуаныш Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, сыйға қамшы тарту етті.

ҚМДБ

Бас мүфти ғаламтордың қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталып, Діни басқарманың игі жобалары мен жоспарлары туралы баяндап берді.

«Діни басқарманың игі жұмыстарына әрдайым ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер. Өз атымнан айрықша алғыс білдіремін. Жылағанның мұңына ортақтасатын ең бірінші дін қызметкерлері мен журналистер. Сондықтан, бізді біріктіретін мақсаттар көп. Шығармашылық иелері қоғамды жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндесе иманды, ізгі қоғам құрылады. Алла Тағала ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге береке берсін», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

ҚМДБ

Журналист Біләл Қуаныш Діни басқарманың жұмыстарын қолдайтынын, әрдайым ақпараттық қолдау жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, қайырымдылық бағытындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар