USD 502
EUR 524
RUB 5
USD 502
EUR 524
RUB 5
«Әлемде болып жатқан күрделі экономикалық дағдарыс кезеңінде Ұлттық банкке тапсырылған міндеттерді өз деңгейінде орындау үшін барымды салуым тиіс. Сол себепті Федерация басшылығынан өз еркіммен кетуді ұйғардым», - дейді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. Велоспорт федерациясының жаңа президенті жақын арада есеп беруге арнап өткізілетін конференцияда жария етіледі. Айта кету керек, Қайрат Келімбетов Федерацияны басқарып тұрған уақытта қол жеткен негізгі жетістік – Александр Винокуровтың Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленуі болды. Сонымен қатар, «Астана» велокомандасы соңғы жылдары халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп келеді.
Естеріңізде болса, Қайрат Келімбетов «Тур де Франс» велокөпкүндігінің алғашқы кезеңін Қазақстанда өткізу туралы бастама көтерген болатын.
Дереккөз: Bnews.kz
Пікір қалдыру