БҰҰ Иранда болған наразылық барысында қаза тапқан адамдарға қатысты өкінішін білдіріп, зорлық-зомбылық әрекеттерден құтыларына сенімін білдірді. Бұл туралы сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихаты барысында БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ-тың соңғы хабарламаларына сүйенсек, наразылық акциясы барысында Иранда 20-ға жуық адам мерт болған.
«Бас хатшы Ирандағы жағдайларды мұқият бақылауда ұстап отыр», - деді Хак.
Сондай-ақ БҰҰ Иранда тәртіп орнайтынына, азаматтардың құқығы қорғалып, өз пікірлерін жеткізе алатынына мүмкіндік туатынын айтты.
Пікір қалдыру