70 жастағы Тайвань тұрғыны пойыз астына түсіп, аман қалған. Оқиға бейнебақылауға түсіп қалды. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Егде адам пойызға шығатын жолаушылар алаңына жақындай бергенде аяғы тайып кетіп дәл рельстің үстіне құлайды. Сол уақытта пойыз келіп, ер адамды басып өтеді. Соған қарамастан, әлгі адам аман қалған.
Құтқарушылар ауруханаға жеткізерде зардап шегуші есін біліп жатты. Басына зақым келген тайвандық тұрғынның өсіріне қазіргі уақытта қауіп төніп тұрған жоқ. Осы оқиғаға байланысты үш пойыздың жүру кестесіне түзету енгізілді.
Пікір қалдыру