Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан келген шығын 2 млрд. теңгеден асады.
Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық режимдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Алдын ала мәліметтер бойынша шығын 2 млрд, теңгеден асады. Дегенмен ол алдағы уақытта нақтылады. Өйткені құрылыс комитеті мен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесінің комиссиясы шығынды бағалайтын болады. Содан кейін ғана нақты көлемін білетін боламыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде Жамбыл облысының әкімдігі аймақ қорынан 170 млн. теңге қаржы бөлген. Ал еліміздің басқа өңірлерінен көмек қаржы бөлу мәселесі әзірше қозғалған жоқ. Жалпы дауыл салдарынан зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына көптеген құрылыс ұйымдары тартылған. Ал жеке секторды қалпына келтіруде мемлекет тарабынан көмек беру мәселесін әкімдіктен құрылған комиссия шешетін болады.
Автор: Марлан Жиембай
«ҚазАқпарат»
Пікір қалдыру